Талдықорған қаласы эпидемилогиялық ахуал бойынша «қызыл» аймаққа енді

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысының эпидемиологиялық ахуал матрицасы бойынша Талдықорған қаласы «қызыл» аймаққа кірді. Наурыз айының басынан бері қалада коронавирус жұқтырғандар саны 433 жеткен, деп хабрлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қаланың бас санитар дәрігері сәуірдің 1-15 аралығында карантин шараларын күшейту жөнінде шешім қабылдады.

Бұл күндері облыс орталығындағы жұмысшы саны 20-дан асатын мекемелер мен ұжым қызметкерлерінің 70 пайызы онлайн форматта жұмыс істейді.

Сондай-ақ барлық білім мекемелерінде оқыту қашықтықтан жүргізіледі.

Демалыс күндері локдаун жарияланып, азық-түлік пен құрылыс материалдарынан басқа тауар сататын сауда орталықтары, қоғамдық тамақтану орындары жабылады.

Сенбі, жексенбі күндері сауықтыру орындары мен қоғамдық монша, сауналар, театр мен кинотеатрлар жұмыс істемейді.

«Мұғалімдер мен оқушылардың арасында екі айдың ішінде 39 оқушы коронавирус инфекциясымен науқастанды, сондай-ақ 17 мұғалім індет жұқтырды. Сол себепті біз мектептерді онлайн режимге жіберіп жатырмыз» дейді қаланың бас санитар дәрігері Ермек Әсемқұлов.


Соңғы жаңалықтар