Талант Арғынғалиға «Алтын домбыра» табысталды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда айтыскер ақын, көптеген танымал әндердің авторы Талант Арғынғалидың «Таланттан тарту» шығармашылық кеші өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақ радиолары» ЖШС бас директоры Ернұр Бурахан талай айтыстарда топ жарған талантты ақынға радио ұжымы атынан «Алтын домбыра» тарту етті.

Кеште «МузАрт», «Каспий», «Жігіттер», «Заман» тобы, Жанболат пен Жазира, Нұрлан мен Мұрат, «Шамшырақ» дуэті, Төреғали Төреәлі, Ғазизхан Шекербеков, Дана Кентай, Мұрат Тоқашбаев, Лашын Мұратқызы, Асқар Жүнісбеков, Дәурен Сейтжанов, Асхат Үрпеков және белгілі айтыскер ақындар Балғынбек Имашев, Ринат Заитов, Рүстем Қайыртайұлы өнер көрсетті.


Соңғы жаңалықтар