Таиланд тарапынан визаны тоқтатуға қатысты ресми ақпарат келіп түспеді - Айбек Смадияров

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд қазақстандықтардың келіп-кетуіне шектеу қоймағанын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Қазақстандық бірқатар БАҚ-та Таиланд билігі коронавирустың таралуынан 18 ел, соның ішінде Қазақстан азаматтарының елге кіру тәртібін қатаңдатты деген ақпарат жарияланды. Осыған қатысты тай тарапынан ресми ақпарат келіп түспегенін хабарлаймын. Біздің Бангкоктағы елшілігіміз Таиланд Сыртқы істер министрлігімен байланысып, бұл мәселе тай құзыретті органдарының қарауында жатқанын және аталмыш ереже күшіне енбегенін анықтады», - мәлім етті Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, қандай да бір ақпарат шыққан жағдайда қазақстандық дипломаттарға алдын ала хабарланады.

Еске сала кетейік, бүгін Reuters агенттігі Таиландтың 18 мемлекет, оның ішінде Қазақстан азаматтарының елге кіруіне шектеу қойғанын хабарлаған болатын.


Соңғы жаңалықтар