Таиланд коронавирусқа байланысты 18 елге виза беруді тоқтатты

None
None
БАНГКОК. ҚазАқпарат – Сәрсенбі күні Таиландтың ішкі істер министрі 18 мемлекеттің елге кіруіне виза беруді тоқтатқанын мәлімдеді. Оның арасында Қазақстан да бар. Бұл туралы Reuters агенттігіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.

Бұған дейін 18 ел мен аумақтың азаматтары Таиландтың иммиграциялық пунктіне келе салып, виза алу үшін төлқұжат немесе жолаушы құжаттарын пайдалана алатын.

Бұл 18 мемлекеттің тізіміне Болгария, Бутан, Қытай (Тайваньды қоса алғанда), Кипр, Эфиопия, Фиджи, Грузия, Үндістан, Қазақстан, Мальта, Мексика, Науру Республикасы, Папуа-Жаңа Гвинея, Румыния, Ресей, Сауд Арабиясы, Өзбекстан және Вануату Республикасы кірген.

Сондай-ақ министр Оңтүстік Корея, Италия және Гонконг азаматтары да виза ала алмайтынын қосып өтті.

Еске сала кетсек, кейін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров Таиланд қазақстандықтардың келіп-кетуіне шектеу қою жөнінде түсініктеме берді.

«Қазақстандық бірқатар БАҚ-та Таиланд билігі коронавирустың таралуынан 18 ел, соның ішінде Қазақстан азаматтарының елге кіру тәртібін қатаңдатты деген ақпарат жарияланды. Осыған қатысты тай тарапынан ресми ақпарат келіп түспегенін хабарлаймын. Біздің Бангкоктағы елшілігіміз Таиланд Сыртқы істер министрлігімен байланысып, бұл мәселе тай құзыретті органдарының қарауында жатқанын және аталмыш ереже күшіне енбегенін анықтады», - мәлім етті Айбек Смадияров.


Соңғы жаңалықтар