Тағы екі өңірде сабақтар тоқтатылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Ауа райының бұзылуына байланысты тағы екі өңірде екінші ауысым сабақтары тоқтатылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Шығыс Қазақстан облыстық Білім басқармасының ақпараты бойынша, -23-33 градус аяздарға, сондай-ақ көктайғаққа байланысты Бесқарағай ауданында 1-4 сынып, Зайсан ауданының Зайсан қаласында 1-11 сынып, Алтай ауданында 1-9 сыныптарға сабақ болмайды.

Ал Ақмола облысында қатты бұрқасын салдарынан Аршалы мен Астрахан аудандарында 0-4 сыныптар, Корғалжын ауданында 0-9 сыныптар, Егіндікөл ауданында 0-11 сыныптар оқымайды.

Айта кетейік, бүгін екпінді желге байланысты Нұр-Сұлтан қаласында бірінші ауысымдағы 0-4 сыныптарға, екінші ауысымдағы 0-9 сыныптарға оқу процесі тоқтатылды.

Сондай-ақ ШҚО-ның әртүрлі елді мекенінде бірінші ауысымдағы 1-9 сынып оқушылары үйлерінде қалды.


Соңғы жаңалықтар