Тағы 431 қазақстандық шетелден коронавирусқа ПТР-анықтамасыз ұшып келді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 16 қаңтар күні Қазақстан аумағына Германия, БАӘ, Мысыр, Түркия, РФ, Беларусь және Өзбекстан елдерінен барлығы 14 халықаралық әуе рейсі ұшып келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, өткен тәулікте елімізге шетелден 2 031 жолаушы ұшып келген. Олардың 1600-інде коронавирусқа ПТР-тестілеудің теріс нәтижесі бар анықтама болған. Анықтамасыз 431 адам келген, барлығы да ҚР азаматтары.

Атап айтқанда:

- Алматы қаласының әуежайына – 8 халықаралық рейс қонды, 1 123 жолаушы, оның ішінде анықтамамен – 923, анықтамасыз - 200;

- Нұр-Сұлтан қаласының әуежайына – 4 рейс, 471 жолаушы, анықтамамен - 416, анықтамасыз - 55;

- Ақтөбе қаласының әуежайына – 1 рейс, 242 жолаушы, анықтамамен - 120, анықтамасыз - 122;

- Шымкент қаласының әуежайына – 1 рейс, 195 жолаушы, анықтамамен - 141, анықтамасыз – 54.

«Анықтамасы болмаған Қазақстан азаматтары келген жерлері бойынша COVID-19-ға ПТР-талдау әдісімен тестіленді және карантиндік стационарларда өз нәтижелерін күтуде», - делінген ақпаратта.

Сондай-ақ министрлік ақпаратына сәйкес, 15 қаңтар күні шетелден ПТР-анықтамасыз ұшып келген Қазақстанның 216 азаматының тест нәтижесі белгілі болды. Оған сәйкес, барлық жолаушыда коронавирусқа тест теріс нәтиже көрсеткен.

Еске салайық, 14 қаңтар күні «Шарм-эль-Шейх – Нұр-Сұлтан» рейсінің – 1, «Дубай – Алматы» рейсінің 2 жолаушысынан коронавирус анықталған болатын.



Соңғы жаңалықтар