Тағы 17 адамнан коронавирус инфекциясы табылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Өткен тәулікте 17 қазақстандық коронавирус инфекциясын жұқтырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оның ішінде Нұр-Сұлтан қаласында - 3, Алматы қаласында - 10, Ақмола, Қарағанды, Солтүстік Қазақстан және Павлодар облыстарында – бір адамнан қауіпті індет табылған.

Елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 1 305 917 жетті.


Соңғы жаңалықтар