Тағы 14 науқас коронавирус пен пневмониядан көз жұмды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Денсаулық сақтау министрлігі соңғы тәулікте коронавирустан қайтыс болғандар статистикасын жариялады.

Оған сәйкес, 6 желтоқсан күні Қазақстан аумағында 11 адам - коронавирустан, тағы 3 сырқат - пневмониядан қайтқан.

Алматы қаласы мен Қарағанды және Солтүстік Қазақстан обылстарында - 2, Шымкент қаласы, Алматы, Ақтөбе, Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында бір адамнан көз жұмған.

Басқа аймақтарда қайғылы жағдайлар тіркелген жоқ.


Соңғы жаңалықтар