Таеквондодан G1 Australian open-2020 турнирінің өтетін уақыты өзгертілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таеквондодан G1 Australian Open-2020 халықаралық додасы кейінге қалдырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.

Аустрияның Инсбруке қаласында жоспарланған дода 30-31 тамыз күндері өтуі тиіс болатын. Алайда, коронавирус пандемиясына байланысты доданың өтетін уақыты өзгерді.

Айта кетерлігі, маусым айында таеквондодан Азиялық іріктеу турнирі өткізілетін еді. Халықаралық таеквондо федерациясы аталған жарыстардың қашан өткізілетінін әлі белгілеген жоқ.


Фото: olympic.kz

Соңғы жаңалықтар