Таеквондодадан Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Таеквондодадан ұлттық команданың аға жаттықтырушысы Батырбек Есдәулетов таеквондошылар қалай іріктелгені және аймақтық біріншілікке дайындық қалай жүріп жатқандығы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстанның таеквондо федерациясына сілтеме жасап.

Ливан астанасы Бейрутта 16-18 маусым аралығында WT таеквондодан Азия чемпионаты өтеді.

«Азия чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы биыл Талдықорғанда өткен Қазақстан чемпионатының нәтижесі бойынша таңдалды. Әдетте, осындай ірі жарысқа спортшы таңдағанда біз шетелдегі жарыстардың нәтижесін ескереміз. Алайда, пандемияға байланысты ондайлар аз болды, сондықтан ұлттық чемпионаттың нәтижелеріне баса назар аударылды. Біз осы жарыста біздің спортшылардың өнерін ескеруге тырыстық. Бұған дейін биылғы Қазақстан чемпиондары Азия чемпионатына барады деген қондырғылар болған. Қазіргі уақытта таеквондошылардың көпшілігі оқу-жаттығу жиындарында. Дайындық жоспарға сәйкес жүруде. Әлемдік аренада алғаш рет Қазақстанның намысын қорғайтын спортшылар да бар», - деді Батырбек Есдәулетов .

Оның айтуынша, екі спортшы– Джансель Дениз және Руслан Жапаров Иорданиядағы Азия іріктеу турнирінде Олимпиада лицензиясына қол жеткізген.

Құрлықтық чемпионатқа Қазақстан құрамасынан келесі спортшылар қатысады:

Ерлер

54 келі: Самат Темірхан

58 келі: Елдос Ысқақ

63 келі: Әділет Базарбаев

68 келі: Диас Құрманғазы

74 келі: Әбдусамат Лес

80 келі: Рақым Әділханов

87 келі: Смайыл Дүйсебай

+87 кг: Бауыржан Хасенов

Әйелдер

46 келі: Айдана Құмартаева

49 келі: Ботагөз Қапанова

57 келі: Кәмила Аймұқашева

62 келі: Жазира Исина

67 келі: Нұрай Құсайынова

73 келі: Джансель Дениз

+73 кг: Ақсәуле Ерқасымова

Соңғы жаңалықтар