Табиғатты бүлдірген атыраулық тұрғындар 1,2 млн теңге айыппұл төлейді

None
None
АТЫРАУ. ҚазАқпарат –Атырау облысында табиғатты бүлдірушілерге 1,2 млн теңге айыппұл салынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, «Таза Қазақстан» республикалық алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Өңір полицейлері бүгінге дейін 600-ге жуық хаттама толтырған.

«Бұл іс-шараны өткізудегі басты мақсат – экологиялық құқық бұзушылықтарды анықтап, жолын кесу, экологиялық жағдайды жақсарту, облыс тұрғындарына қоршаған ортаға, табиғатқа қамқорлық танытуды түсіндіру. Әсіресе, адамдар көп жиналатын Жайық өзен жағалаулары, Индер ауданындағы Тұздыкөл жағалауы Жылыой ауданындағы Қамыскөл жағалаулары мен демалыс аймақтарына рейдтер ұйымдастырылуда» - деді облыстық Полиция департаментінің бастығы Қамза Үмбетқалиев.

Оның айтуынша, су айдындарының жағалауларында ішімдік ішіп, мас күйінде жүруге қатысты –21, жасыл желектерді бүлдіру –28, белгіліленбеген орындарда балық аулау – 47, рұқсат етілмеген жерде шомылу –247, темекі, қоқыс қалдықтарын лақтыру фактілері бойынша 27 дерек анықталды. Құқық бұзушыларға 1 242 680 теңге айыппұл салынды.


Соңғы жаңалықтар