Табиғат қорғау инспекторлары киіктерді мазаламауға шақырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2019 жылғы есеп бойынша еліміздегі ақбөкендердің саны 334,4 мыңға жетті. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда киіктердің күйлеу кезеңі басталды. Жануарлардың жұптасу кезеңі шалғай жерлерде болады. Олар осы кезеңде күштерін жоғалтып, жыртқыштар мен браконьерлердің құрбанына айналады.

«Күйлеу кезеңінде ақбөкен популяциясын сақтау үшін «Охотзоопром» ӨБ» РМҚК инспекторлары жануарларды қорғауға күш салуда, сонымен қатар орман шаруашылығы мен жануарлар дүниесінің аумақтық инспекциясымен бірлесіп экологиялық заңдардың бұзылуына жол бермеу үшін рейдтер жүргізді», - деп жазды Сәкен Дәлдахмет Facebook-тегі парақшасында.

Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті жергілікті тұрғындарды күйлеу кезінде киіктерді мазаламауға шақырады.

«Бұл процесс 2020 жылдың көктемінде ақбөкеннің үш популяциясының санын көбейту науқанының қаншалықты сәтті болғанын анықтайды. Киікті заңсыз аулау үшін 500 АЕК, ақбөкен мен төлін заңсыз аулау үшін 350 АЕК көлемінде айыппұл салынады, сондай-ақ бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жаза қолданылады», - дейді ол.

2019 жылғы есеп бойынша ақбөкендердің саны 334 400-ге жетті.

Соңғы жаңалықтар