Сыртқы істер министрлігінде БҰҰ 75 жылдығын мерекелеуге дайындық мәселелері талқыланды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді БҰҰ Бас хатшысының орынбасары - БҰҰ-ның 75 жылдық мерейтойын мерекелеуге дайындық жөніндегі арнайы кеңесші Фабрицио Хохшильдпен кездесу өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР СІМ ресми сайтына сілтеме жасап.

Кездесу барысында тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелердің кең ауқымы және БҰҰ-ның 75 жылдығын мерекелеуге дайындық бойынша пікір алмасты. БҰҰ Бас Ассамблеясының мерейтойлық сессиясының негізгі тақырыптары цифрландыру мәселелері мен жастар болды.

М. Тілеуберді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Президенттік жастар кадрлық резервін құру және Қазақстанда цифрландыру саласында жүргізіліп жатқан жұмыстар жөніндегі бастамасымен таныстырды.


Ү.ж. 31 қаңтарда «Digital Almaty» халықаралық форумына қатысқан Ф. Хохшильд Қазақстанның БҰҰ қызметіндегі белсенді рөлін жоғары бағалады. Оның айтуынша, Қазақстанның БҰҰ отбасына енген 27 жыл ішінде тараптар Ұйым қызметінің барлық бағыттары бойынша өзара іс-қимылдың жоғары деңгейіне қол жеткізді.


Соңғы жаңалықтар