Сырдарияның бойындағы бүкіл гироқұрылыстар автоматтандырылады

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Орталық Азиядағы су балансын әділ реттеу үшін Сырдарияның бойындағы гидроқұрылыстар түгел автоматтандырылады. Бұл туралы ҚР Экология, геология жәна табиғи ресурстар министрі Серікқали Брекешев Мәжіліс қабылғасындағы парламенттік тыңдауда айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Арал-Сырдария бассейні бойынша, Орталық Азияның су реттеу консорциумын құру жұмысы жүріп жатыр. Бұл жоба бүкіл елдердің мүддесін сақтап, энергетика, суармалы егіншілік және Арал экологиялық мәселесін тиімді шешуге бағытталған», - деді ведомство басшысы.

Оның айтуынша Орталық Азия елдерінің арасында суды әділетті бөлу бойынша біршама өзара түсіністік бар.

«Суды әділ бөлу үшін Сырдария су шаруашылығы балансы әзірленіп, мемлекетаралық гидроқұрылыстар автоматтанады», - деді министр.

Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановтың мәліметі бойынша, 2040 жылға қарай Қазақстанда су тұтыну 46 пайызға артады.


Соңғы жаңалықтар