Сырдарияға батып кеткен қыз баланың денесі табылды

None
None
БАЙҚОҢЫР. ҚазАқпарат - Байқоңыр қаласында суға батып кеткен 13 жастағы қыз баланың денесі екі күннен кейін табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оқиға 4 шілде күні болды. Сол күні ол туыстарымен Сырдария жағасына демалуға келген.

«Оның денесін іздестіруге Қазақстан Республикасының Байқоңыр қаласында орналасқан төтенше жағдайлар және өрт сөндіру бөлімдері жұмылдырылды. Сондай-ақ, Арал ауданынан судан құтқару қызметінің сүңгуір мамандары шақырылды. Қыз баланың денесі екі күннен кейін суға түскен жерден төрт шақырымдай қашықтықтан табылды», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметінің баспасөз хатшысы Әлия Ережепова.

Жыл басынан бері Қызылорда облысында суға кетудің 16 оқиғасы тіркелді. Оның ішінде 7-еуі бала.


Соңғы жаңалықтар