+7 (701) 759 90 19
USD 423.95 EUR 495.81
RUB 5.84 CNY 65.6
Jańalyqtar

Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екендігі анықталды

2021 жылғы 28 шілде 04:09
Бөлісіңіз:
Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйіттің кім екендігі анықталды

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда облысында құтқарушылар Сырдария өзенінде қалқып жүрген мәйітті жағаға шығарды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанайда із-түзсіз жоғалған жасөспірім іздестірілуде Алматы ауруханасында жанжал шығарған ер адамның кім екені анықталды Қарағандыда үш көшенің тұрғындары электр жарығынсыз қалды

Белгісіз адамның мәйіті Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентіндегі «Батыс Қытай-Батыс Еуропа» тас жолының бойына орналасқан көпір маңында табылған.

«Рейдтік шаралар өткізіп жүрген төтенше жағдайлар саласының мамандары өзен үстінен белгісіз адамның мәйітін тауып, оны жағаға шығарды», - деп мәлім етті облыстық төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық құтқару жұмыстары қызметінің маманы Әлия Ережепова.

Кейіннен белгілі болғанындай, оның Қармақшы ауданының 1984 жылғы тұрғыны екендігі анықталды.

Еске салсақ , бұдан бұрын Қызылордада 9 жасар бала белгісіз жағдайда каналға батып кеткені хабарланған болатын.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT