Сыбайлас жемқорлықпен күреске 80 мыңнан астам волонтер қамтылған

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметіне 80 мыңнан астам волонтер көмек көрсетіп жатыр.

Бұл туралы брифингіде ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазіргі кезде бізде қоғамдық көмекшілер, волонтерлер саны 80 мыңнан асып отыр. Бізге көмектесетін адамдар бұл қолдаулары үшін еңбекақы немесе басқа да төлемдер алмайды, яғни ел игілігі үшін жұмыс істеп келеді. Сондықтан барша қоғамдық серіктестерге алғыс айтамыз және ниет білдірген барша азаматты агенттікпен қатар жемқорлыққа қарсы тұруға шақырамыз», - деді О. Бектенов.

Сонымен қатар ол «Адалдық алаңы» жобасына тоқталды. Қазіргі кезде бұл жоба жалпыұлттық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қозғалыстың ауқымына ие болды. Себебі барша ауданда, сондай-ақ орталық мемлекеттік органдар деңгейінде жүзеге асырылып келеді. Барлық жерде жобалық кеңселер құрылып, әр саладағы жемқорлыққа тосқауыл қойылып жатыр.


Соңғы жаңалықтар