Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметкерлеріне іріктеу жүріп жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі саласында еңбек етуге ниетті мамандар алдымен кәсіби даярлықтан өтеді. Ол бойынша бүгінде мамандар арасында іріктеу өтіп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі қызметке алғаш кірісетін мамандарды кәсіптік даярлықтан өткізуге іріктеу жариялайды. Мамандардың қызметтік міндеттеріне сыбайлас жемқорлыққа қатысты қылмыстар мен құқық бұзушылықтарды анықтау, жолын кесу, ашу және тергеу. Кәсіби даярлықтан өткізуге іріктеу жедел басқарманың офицері немесе тергеу басқарманың тергеуші лауазымы (B-PRO-8 санаты) бойынша жүргізіледі», - делінген хабарламада.

Хабарламада айтылғандай, іріктеуге қатысу үшін құжаттарды қабылдау агенттіктің аумақтық бөлімшелерінде 2021 жылғы 13 қыркүйектен бастап 29 қазанға дейін жалғасады.

Құжаттар қабылданған соң агенттікте жұмыс істігісі келетін үміткерлермен әңгімелесу кезеңі өтеді. Және іріктеуден өткен мамандар құқық қорғау органы академиясында 6 ай бойы білімін жетілдіреді. Содан соң Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне қызметке қабылданады.

Үміткерлерге қойылатын негізгі талаптар, Қазақстан Республикасының азаматы болуы, жасы 18-ге толған, бірақ 35 жастан аспауы қажет. Сонымен қатар жоғары заңгерлік білімінің болуы міндетті.

Іріктеудің толық талабымен агенттіктің сайтынан танысуға болады.



Соңғы жаңалықтар