Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Көкшетауда болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Олжас Бектенов Ақмола облысының Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келіп, облыс орталығының бірқатар нысандарын аралады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.

Өңір әкімі Ермек Маржықпаевпен және Ішкі істер министрінің орынбасары Алексей Калайчидимен бірге Олжас Бектенов «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру шеңберінде құрылған «Smart Aqmola» мекемесіне барып, платформаның ақпараттық-коммуникациялық технологиялар базасымен танысты.

Атап айтқанда, халыққа көрсетілетін қызметтердің жеделдігі мен ашықтығын қамтамасыз ету шеңберінде «Smart Aqmola» офисі көлік құралдары мониторингінің бірыңғай жүйесін, оқиғалар карточкаларын диспетчерлеу жүйесін, цифрлық картографиялық қамтамасыз ету жүйесін, шақыруларды қабылдауға арналған цифрлық IP телефония жүйесін және барлық кезекші-диспетчерлік қызметтер жүйесін қамтитын «112» бірыңғай кезекші-диспетчерлік қызметті іске асырады.

Сондай-ақ, мұнда халықтың тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету және қауіпсіздігі мәселелері бойынша өтініштерді тәулік бойы қабылдауды көздейтін «109» бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Бұдан басқа, облыс өңірлерінің әкімдіктерінде «Нәтиже» азаматтардың өтініштерін бірыңғай қабылдау орталығы» пилоттық жобасы іске асырылуда, сондай-ақ «Smart Aqmola» ақпараттық - талдау жүйесі базасында «Сапалы жол-Адалдық алаңы» жобасын цифрландыруды қамтамасыз ету жоспарлануда.

«Бүгінгі таңда цифрландыру - сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың ең тиімді құралдарының бірі. Өйткені, цифрлық технологияларды қолдану мемлекеттік қызметтердің тиімділігін арттыруға, мемлекеттік органдар жұмысының транспаренттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті Олжас Бектенов сапар барысында.

Сонымен қатар, Агенттік пен ІІМ басшылығы Қазақстан мен Ресейдің өңіраралық ынтымақтастық форумына дайындық аясында салынған «Воlashaq ѕагаіу» балалар мен жасөспірімдер сарайының қызметімен таныстырды.

Сарай екі ғимараттан тұрады - А және Б блоктары. А блогында IT-, ғылыми-техникалық және шығармашылық бағыттағы зертханалар мен сыныптар бар, Б блогы – спорттық. Бүгінгі таңда «Воlashaq ѕагаіу» базасында 1600-ден астам көкшетаулық оқушы 61 үйірмеге тегін қатысады. Сарай жұмысының стратегиялық мақсаты неғұрлым бейімделген жастарды Жаһандық бәсекеге неғұрлым бейімделген жастарды тәрбиелеу, білім алушылардың ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қоғамда орнықтыратын басты күшке айналдыру болып табылады.

Олжас Бектенов атап өткендей, ақпараттық технологиялар жастарға мобильді, коммуникабельді, қоршаған ортада болып жатқан өзгерістерге тез жауап беруге мүмкіндік береді. Өскелең ұрпақтың бойында жаңа құндылықтар қалыптасады, осы құндылықтар инновациялық технологиялардың әсерінен жеке және ғылыми-техникалық әлеуетті, сондай-ақ рухани-адамгершілік қасиеттерді дамытуға бағытталуы керек.


Соңғы жаңалықтар