Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Абай тігін фабрикасымен келісімге қол қойды

None
None
ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қарағанды облысы бойынша департаменті мен «Стежок» ЖШС (Абай тігін фабрикасы) арасында инвестициялық жобаны жемқорлық әрекеттерінен сақтандыру жөніндегі келісімге қол қойылды.

Осылайша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері өңір бизнесіне сөзбен ғана емес, іс жүзінде қолдау көрсетуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Агенттіктің өзіне алған міндеті – Қазақстанда қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру болып табылады. Осыған байланысты 2018 жылы бизнесті және инвестицияларды қорғау бойынша Protecting Business and Investments жобасы іске қосылды. Еліміздің барлық өңірлерінде арнайы фронт-кеңселер ашылды.

Келісім аясында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің департаменті кәсіпкерді жосықсыз шенеуніктер тарапынан бюрократиялық және сыбайлас жемқорлыққа қол сұғушылықтан қорғап, заңнама аясында туындайтын түйткілді мәселелерді шеше отырып, онымен бірге жүреді.

Шілде айының ортасында «Стежок» ЖШС басшысы Нұрхан Жұмабеков департамент мамандарынан көмек сұрады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство мен Мемлекеттік кірістер департаменті өкілдерінің қатысуымен кеңес өтті. Келіссөздер нәтижесінде «Стежок» ЖШС инвестициялық жобасын сыбайлас жемқорлыққа қарсы сүйемелдеу туралы келісімге қол қойылды.

«Сарыарқа адалдық алаңы» жобасы аясында біз Абай қаласының тігін фабрикасымен шарт жасастық. Сонымен қатар, біз PBI жобасы бойынша кәсіпкерлермен және сауда ұйымдарымен 56 келісім жасастық», – деп түсіндірді «Сарыарқа адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Малика Құсенбаева.


Кәсіпкер үшін келісімнің жалғыз талабы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтай отырып, адал бизнес жүргізу міндеттемесі болып табылады.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің мамандары әрдайым жергілікті кәсіпкерлерге қолдау көрсетуге дайын. Барлық сұрақтар бойынша Қарағанды қаласы, Әлиханов көшесі, 12 мекен-жайы бойынша орналасқан ANTIKORORTALYGY сыбайлас жемқорлыққа қарсы орталығына хабарласуға болады. Телефоны: (8-7212) 91-36-80


Соңғы жаңалықтар