+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

2020 жылғы 22 қазан 19:31
Бөлісіңіз:
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаевтың төрағалығымен бейне конференция байланысы режимінде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссияның кезекті отырысы өтті, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Ұқсас жаңалықтар
Агенттік Атбасар ауданы мен Степногор білім бөлімдерінің басшылары не үшін жазаланғанын түсіндірді Сыбайлас жемқорлықпен күрес: Call орталыққа 25 мыңнан астам хабарлама түсті Данияр Сабырбаев: Жемқорлықпен күрес - бұл парасаттылық идеологиясын қалыптастыру

Отырыста «Квазимемлекеттік сектордың ірі инфрақұрылымдық компанияларының мемлекеттік ресурстарды пайдалану тиімділігі туралы» мәселе қаралды.

Мемлекет басшысы «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауында мемлекеттік органдарда да, квазимемлекеттік секторда да сыбайлас жемқорлық факторларын анықтауға ерекше назар аударуды тапсырды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі шаралар аясында мемлекеттік функциялардың бір бөлігін квазимемлекеттік секторға беру мәселесіне ерекше назар аударылды. Осыған сәйкес көптеген квазимемлекеттік компаниялар таза экономикалық міндеттерді ғана емес, сондай-ақ, сервистік, азаматтарды қосымша қамтамасыз ету және экономика мәселелерін де шешуге жұмылдырылған.

Бұл ретте алдағы кезеңге қойылған міндеттер қатарында: корпоративтік басқаруды жақсарту; өнімсіз шығындарды, еншілес компаниялар мен штаттық санды қысқарту; қоғамның ашықтығы мен есептілігін арттыру; сыбайлас жемқорлыққа жол берген адамдарды жұмысқа қабылдауға тыйым салуды енгізу сияқты іс-шаралар арнайы атап өтілген.

Жиында уәкілетті және құқық қорғау органдары жүргізген тексеру нәтижелері бойынша квазимемлекеттік сектор компанияларында анықталған қордаланған мәселелер егжей-тегжейлі талқыланды. Атап айтқанда, акционерлік компаниялар басшылығының назары активтерді пайдалану кезінде тиісті дәрежеде бақыламау фактілеріне жол беруге және оларды басқаруда жүйелі проблемаларға, әсіресе, табиғи монополиялар субъектілерінің азаматтар мен кәсіпкерлерге қызмет көрсету барысында сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жөніндегі жұмыстың кері нәтижелеріне аударылды.

Аталған мәселелермен қатар, қаржы тәртібіндегі анықталған заң бұзушылықтарға ықпал еткен себептер мен жағдайларды жою жөніндегі ұсыныстарды іске асыруға мән бере отырып, Есеп комитеті жүргізген аудиторлық тексерулердің нәтижелері талқыланды.

Отырыс қорытындысы бойынша Мемлекеттік хатшы Қырымбек Көшербаев қарастырылған мәселелер бойынша нақты тапсырмалар берді. Олардың орындалу барысы бақылауға алынды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT