Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған 90 адам 14 млн теңге сыйақы алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аға тергеушісі Данияр Бигайдаров сыбайлас жемқорлық фактісі туралы хабарлағандарға сыйақы беру жұмысын баяндады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Соңғы төрт жылда (2016 жылдан бері) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет 889 мың азаматқа 130 млн теңге сыйақы берді. Атап айтқанда, 2016 жылы – 163 адамға 21 млн теңге, 2017 жылы – 32 млн теңге, 2018 жылы – 28 млн теңге, 2019 жылы – 32 млн теңге және биылғы бес айда – 90 адамға 14 млн теңге қаражат сыйақы есебінде берілді», - деді спикер Фейсбук желісінде өткен «Antikor Life» сұхбатында.

Оның айтуынша, жыл басынан бері Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің байланыс орталығына 12 мың қоңырау түскен.

«Колл-орталыққа келіп түскен 342 қоңырау сыбайлас жемқорлық фактілеріне тікелей байланысты. Оның ішінде 32 хабарлама тіркеуге алынып, қылмыстық істер қозғалды. Өткен жылдың көрсеткішімен салыстыратын болсақ, тұтас 2019 жылы 32 көрсеткіш болған еді. Ал биыл мұндай көрсеткіш бес айдың ішінде-ақ жиналып қалды. Өңірлерге бөліп қарастырсақ, Түркістан облысынан – 64, Алматы қаласынан – 45, Алматы облысынан – 41, Шымкент қаласынан – 30 хабарлама түсті. Осы өңірлерден көп хабарлама келеді», - деді спикер.


Соңғы жаңалықтар