«Святло» поляк этномәдени бірлестігінің басшысы: Біз - Қазақстанның бір бөлшегіміз

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облыстық «Святло» поляк этномәдени бірлестігінің төрайымы Елена Цибульская Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясын асыға күтеді. Оның айтуынша, сессия адамдарға күш беріп, жаңа жоспарларды іске асыруға мүмкіндік береді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сәуір айының соңында өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті сессиясына Ақтөбеден бірнеше делегат қатысады. Олардың көбі ұзақ жылдар бойы еңбек етіп, ел ішіндегі татулық пен бірлікті, ынтымақты дәріптеп келе жатқан азаматтар. Бәрі де Қазақстан халқы Ассамблеясының ел ішіндегі маңызын жақсы түсінеді.

«Сессия этномәдени бірлестіктердің жұмысына серпін береді. Кейде ойға алған ісіміз жүзеге аспай, көңіл-күйіміз түсіп кетеді. Ал сессияға барған кезде қайта қанат жайып, күш алып келеміз. Біз - Қазақстанның бір бөлшегіміз. Ана ретінде бейбітшілік дегеніміз ұлтаралық қатынас, достық, татулық деп түсінемін. Елімізде орыс отбасы ет асса, қазақтар борщ пісіреді. Яғни, біз бір-бірімізбен біте қайнасып, араласып кеткенбіз. Бір-бірімізді сыйлаймыз, құрметтейміз. Ел тыныштығы үшін маңыздысы осы», - деді Елена Цибульская.

Айта кетейік, Ақтөбе облысында 300-ден астам поляк азаматы тұрады. Олардың тең жартысы «Святло» поляк этномәдени бірлестігімен тығыз байланыс ұстайды. Бірлестікте поляк тілін тегін үйренуге болады.

Соңғы жаңалықтар