Сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізуде 180 субъектіге тергеп-тексерулер тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 6 көтерме сұйытылған газ сатушысына қатысты тергеп-тексерулер тағайындалды. Бұл туралы Үкімет отырысында Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бас прокуратурамен бірлесіп 6 көтерме сұйытылған газ сатушысына («ҚазМұнайГаз» АҚ, «Petrosun» ЖШС, «СНПС-Ақтөбемұнайгаз» АҚ, «ҚазГерМұнай БК» ЖШС, «Қазақойл Ақтөбе» ЖШС және «ҚазГӨЗ» ЖШС - монополиялық жоғары бағаларды белгілеу бөлігінде үстем жағдайды теріс пайдалану белгілері бойынша) және сұйытылған мұнай газын бөлшек саудада өткізу нарығының 180 субъектісіне қатысты тергеп-тексерулер тағайындалды. Бағаның өсуінің негізгі себебі электрондық сауда алаңындағы баға механизмінің жетілмегендігі екенін тергеп-тексерудің алдын ала нәтижелері көрсетті», - деді С. Жұманғарин.

Оның айтуынша, осыған байланысты, өткен жылы «Газ және газбен жабдықтау туралы» заңнамаға өзгерістер енгізілді және Мемлекет басшысы 2021 жылғы 30 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сауда қызметі, биржалық сауданы дамыту және дербес деректерді қорғау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды және осы жылдың өзінде сұйытылған мұнай газын өткізу тауар биржаларына ауысады және тұрақты бақылауда болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, күн сайын сұйытылған мұнай газының өткізу бағаларына мониторинг жүргізіледі.


Соңғы жаңалықтар