Сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілді

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сұйытылған газды электронды алаңда сату бір жылға шегерілді. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Үкімет отырысында осы мәселе бойынша ведомсвтоның тиісті бұйрығы шыққанын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сұйытылған газ нарығындағы жағдайды толық бақылауды қамтамасыз ету мақсатында мынадай жедел шаралар қабылданды:

Сұйытылған мұнай газына уақытша мемлекеттік баға реттеу енгізілді және литр үшін 50-75 теңге диапазонында бөлшек сауда бағасы бекітілді», - деген министр саладағы түсініксіздіктерді реттеу үшін ведомствоның 2 маңызды бұйрығы бекітілгенін еске салды. Олар:

1) 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін сауда-саттық қағидаларын тоқтата тұру бойынша бұйрық, оған сәйкес Энергетика министрлігі сұйытылған газды электрондық сауда-саттықтан тыс өткізетін болады;

2) Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі бекіткен бөлшек саудадағы шекті бағаларға сәйкес келтіру үшін сұйытылған мұнай газының шекті көтерме бағасын төмендету жөніндегі бұйрық.

«Сондай-ақ, бүгінгі күні электрондық сауда алаңдарынан тыс ішкі нарыққа сұйытылған газды жеткізу жоспарын қалыптастыру қағидаларына түзетулер енгізу бойынша бұйрық әзірленді», - деді Болат Ақшолақов.


Соңғы жаңалықтар