+7 (701) 759 90 19
USD 422.87 EUR 503.38
RUB 5.6 CNY 64.3
Jańalyqtar

Сумен жабдықтау жобаларына отандық материалдар пайдалану керек - Үкімет басшысы

2020 жылғы 27 қазан 09:33
Бөлісіңіз:
Сумен жабдықтау жобаларына отандық материалдар пайдалану керек - Үкімет басшысы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Сумен жабдықтау жобаларын іске асыру кезінде отандық өндірушілердің материалдарын пайдалану қажет. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Асқар Мамин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Мақтаарал ауданында әлеуметтік нысандардың құрылысы қарқынды жүргізілуде Түркістанды түлетуге Шардара мен Жетісай ауданының азаматтары да атсалысуда Алматыда жол қиылыстарының бірінде көлік қозғалысы шектеледі

«Тағы бір маңызды міндет кәріздік тазарту құрылыстарын салу және жаңғырту болып табылады. Бұл мәселені шешудің тәсілдері бар, қаржыландыру көздері анықталды, жобалау құжаттамасы дайындалып жатыр. Осы жұмыстарды жылдам аяқтап, жобаларды іске асыруға кірісу керек. Сумен жабдықтау және су бұру жобаларын іске асыру кезінде жобалау-сметалық құжаттаманың типтік жобаларын, отандық өндірушілердің материалдарын пайдалану қажет. Бұл жобалардың шығындарын қысқартып қана қоймай, жергілікті қамтуды дамытуға мүмкіндік береді», - деді Асқар Мамин.

Осы орайда Үкімет басшысы жалпы мемлекеттік органдар қабылдап жатқан шараларды қолдауға болады деп есептейтіндігін айта келе бірқатар мәселеге назар аудартты.

«Бірінші. Индустрия министрлігіне әкімдермен бірлесіп, осы жылдың қорытындысы бойынша қалалар мен ауылдарда орталықтандырылған сумен жабдықтау бойынша жоспарланған көрсеткіштердің орындалуын қамтамасыз етуді тапсырамын. Екінші. Экология министрлігі топтық су құбырларын басқару жүйесін одан әрі жетілдіру бойынша шаралар қабылдап, оларды салу және реконструкциялау жобаларын уақтылы іске асыруды қамтамасыз етсін. 2021 жылдың соңына дейін 197 мың тұрғыны бар 38 елді мекенге су жүргізуді көздейтін, ұзаққа созылған үш жобаның құрылысын аяқтау қажет. Үшінші. Индустрия, Ұлттық экономика, Қаржы, Экология, Денсаулық сақтау министрліктері халық үшін тарифтердің артуына жол бермеу үшін кәріздік тазарту құрылыстарын салу және реконструкциялау жобаларын іске асыру тетігін заң жүзінде бекітуді қамтамасыз етсін, қарыздарға қызмет көрсету мен өтеуді ескеру қажет», - деді Премьер-Министр.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT