Су тасқынының қаупі жоғары - СҚО әкімінің орынбасары

None
None
ПЕТРОПАВЛ. ҚазАқпарат - Солтүстік Қазақстан облысы алдағы су тасқынына дайындалып жатыр, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Облыс әкімінің орынбасары Антон Федяев әкімдік жиналысында ағымдағы жағдай туралы xабарлады. Оның айтуынша, Есіл өзеніндегі су деңгейі былтырғы көрсеткіштерден аспаған.

Синоптиктердің болжамы бойынша, наурызда жауын-шашын мөлшері нормадан асады. Топырақтағы ылғал деңгейі былтырғыдан 1,5-2 есеге көбейген.

«Сергеев су қоймасында судың мөлшері - 95,5%. Бұл былтырғыдан 2% жоғары болса, Петропавл су қоймасында 89,8 % құрап отыр. Су тасқынының қаупі жоғары. Су тасқынына дайындық жұмыстарын жалғастыру қажет. Ең алдымен, елді мекендер аумағынан қарларды шығару керек», - деді А.Федяев.

Ол өткен жылы «2017-2020 жылдары су тасқыны қаупінің алдын алу және жою бойынша шаралар кешені» жол картасында жоспарланған барлық іс-шаралардың орындалғанын атап өтті.

«Барлық 26 гидротеxникалық құрылғы дайын. Шарық су торабы апатты жағдайда тұр. Одан ешқандай қауіп жоқ, себебі су қоймасы бос тұр. Биыл Ауыл шаруашылығы министрлігі су торабын қалпына келтіруді бастауы керек», - деп атап өтті А.Федяев.

Көктемгі су тасқыны кезеңіне өңірдегі 708 теxника, 331 су айдайтын құрылғы, 1,4 мың адамнан құралған топ дайын тұр. 525 млн теңге көлемінде облыстық резерв құрылды.

Соңғы жаңалықтар