Су тасқынынан Ақтөбеде тұрғындар эвакуацияланды

None
None
АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат – Бүгін түнде Ақтөбе қаласындағы Қарғалы және Думан тұрғын үй алаптарынан 20 адам эвакуацияланып, мектепке орналастырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақтөбеде жеке үйлердің аулаларын еріген қар суы басып, жедел түрде 20 адам (оның ішінде 9 бала) М. Арынов атындағы мектепке эвакуацияланды.
«Оқиға орнында төтенше жағдайлар қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдардың жедел тобы жұмыс істеді. Қазіргі уақытта тұрғын үйлерге қауіп төніп тұрған жоқ. Тұрғындар өз үйіне қайта оралады. Ақтөбе облысының ТЖД су басу қаупі жоғары аймақта тұратын азаматтарға сақ болуды ескертеді», - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметінен.


Соңғы жаңалықтар