Су тасқынына дайындық: ШҚО-да құтқарушылар оқу-жаттығу өткізіп жатыр

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысында «Көктем-2021» республикалық командалық оқу-жаттығу шеңберінде арнайы тактикалық жаттығу өткізілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Сценарий бойынша Шемонаиха қаласындағы көпір маңындағы Уба өзенінде мұз кептеліп қалған. Соның салдарынан Набережная көшесіндегі 30 үй мен шаруа қожалықтарын су басты.

Жол талғамайтын КУНГ көлігімен келіп жеткен №28 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері тұрғындарды эвакуациялауға кірісті.

Жергілікті атқарушы органдар эвакуациялық пункт пен халықты тамақтандыруды ұйымдастырды.

«Азаматтардың мүлігін және малды қауіпсіз орынға көшіру үшін жеке кәсіпкерлердің техникасы жұмылдырылды. Су шайып кеткен бөгетті қалпына келтіру және нығайту, көшелердегі қарды шығару және арықтарды тазалау бойынша жұмыстарды жүргізу үшін техника мен жабдықтардың ұдайы дайын тұруы ұйымдастырылды», - деп хабарлады ШҚО ТЖД баспасөз қызметі.


Шығыс Қазақстанда республикалық оқу-жаттығулар шеңберінде Уба өзенінде жарылыстар болды.

Таң атысымен жауапты қызметтер жарылғыш заттарды төседі. Осы учаскедегі мұз шамамен 52 сантиметрді құрайды.

Сондай-ақ Шемонаихадағы автокөлік көпірінің жанындағы мұз бетіне 140 ойық жасалған.

«Бұдан бөлек, көпірлер мен су өткізу құбырлары тазартылып жатыр. Қазіргі уақытта 366 мың текше метр қар шығарылды. 87 мың дана ыдыс-қап пен 15 мың тонна инертті материал, 373 тонна ЖЖМ әзірленген» делінген мәліметте.


Соңғы жаңалықтар