Су шаруашылығын реформалау бағдарламасы маусым айында дайын болады- Сергей Громов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Қазақстанда су шаруашылығын реформалау жоспарлануда. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов ҚР Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің сайтында өткен онлайн сұхбатта айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Біз қазір Мемлекет басшысының биыл 24 қаңтардағы Үкімет отырысында берген тапсырмасы бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Ол тапсырма 2020-2030 жылдар аралығында су шаруашылығын реформалау бағдарламасы туралы болды. Әрине, біз су ресурстарын сақтап қалуға, оны қорғауға көп көңіл бөлеміз. Ұрпағымызға сапасы да көлемі да жақсы су қалдыруымыз керек. Ол үшін не істеу керек? Біз әлемдік тәжірибені зерттедік. 20-30 жыл бұрын біздің елде 115 миллион текше метрге жуық суағар болған.

Бүгінде ол 100 миллион текше метр ғана. География институтының ғалымдарымен бірігіп есептеп көрсек, халық саны өсе берсе 2030-2040 жылдарға қарай оның көлемі 60-70 миллион текше метрге жетуі мүмкін. Оған жол бермес үшін не істеу керек? Ең алдымен су үнемдейтін технологияларды қолдануымыз керек. Өндіріс орындарында суды тазалап, қайта қолдану қажет», - дейді ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министрі Сергей Громов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта Өзбекстанда күріш өсіруден бас тартып жатса, біздің елде күріш өсіруді жалғастыруда.

«Қазіргі уақытта күріштің орнына қант қызылшасын өсіру тиімдірек. Сондай-ақ, Қазақстанда тұтынатын су бағасы айтарлықтай арзандатылған. Аталған бағдарламада суды үнемдеуге үйрету үшін су нарығын құру көзделген. Бұл соның ішінде ауыл шаруашылығы өнімдерін шығарушыларға қатысты», – дейді Сергей Громов.


Соңғы жаңалықтар