Су ресурстарын басқарудың 5 жылдық бағдарламасын әзірлеу басталды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жобасын әзірлеу басталды. Бұл жайында ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің Сенат депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жалпы Парламенттік тыңдаудың ұсынымдарымен Үкімет еліміздің су қауіпсіздігін сақтау бойынша қойылған міндеттерге байланысты жүйелі жұмыс жүргізуде. Мемлекет басшысының 2020 жылғы 24 қаңтардағы Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмасын орындау үшін Қазақстанның су ресурстарын басқарудың 2020-2030 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының (бұдан әрі – Мембағдарлама) жобасын әзірлеу басталды. Елдің су ресурстарын сақтау және ұтымды пайдалану проблемаларын шешудің негізгі жолдарынан басқа мемлекеттік бағдарлама бойынша жұмыс аясында «Гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігі туралы» заңды әзірлеу қажеттігі қаралатын болады. Оны реттеу мәні гидротехникалық құрылыстардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету процесіне барлық қатысушылардың функцияларын және олардың жауапкершілік шараларын нақты ажырату болуы мүмкін«, - деді Үкімет басшысы.

Оның атап өтуінше, Су кодексінің 13-бабының 4-тармақшасына сәйкес бұлақтар жер асты су нысандарына жатқызылған. Бұл олардың құрылысы мен қалыптасуының ерекшеліктерімен байланысты. Бұлақтар жер қойнауындағы атмосфералық судың есебінен құрылады. Сондықтан олардың сандық және сапалық сипаттамаларын анықтау үшін гидрологиялық зерттеу жүргізу қажет.

«Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі 2019-2021 жылдары іске асыру мерзімімен су ресурстарының аудиті бойынша ауқымды жұмыстар жүргізуде. Осы жұмыс аясында көшпелі далалық зерттеулер жүргізужоспарланған. Олардың қорытындысы бойынша өзендер, оның ішінде олардың қалыптасу аймағындағы бұлақтарға қатысты ақпараттың айтарлықтай көлемін жинау және жүйелендіру жоспарлануда. Бұдан әрі жиналған ақпаратты өңдегеннен кейін нақты су нысандары, оның ішінде бұлақтар бойынша қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізу жөнінде шешімдер қабылданады. Сондай-ақ олардың қорытындысы бойынша қажетті заңнамалық реттеу мүмкіндігі қаралады», - деді Асқар Мамин.



Соңғы жаңалықтар