Jańalyqtar
Су добы: Қазақстан қыздар құрамасы Олимпиада жолдамасына таласады
2021 жылғы 19 қаңтар 01:02
Бөлісіңіз:

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстан әйелдер құрамасы Италияның Триест қаласында Токио олимпиадасына іріктеу турнирінде бақ сынайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Ұқсас жаңалықтар
Ойындар 19-24 қаңтар аралығында өткізіледі. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - Грекия, Венгрия және Израиль құрамалары. Қазақстандық спортшылар 19 қаңтарда Грекиямен шеберлік байқасса, 20 қаңтарда Венгриямен ойнайды. Ал 21 қаңтарда Израильмен кездеседі.
Ал А тобында Нидерланды, Италия, Франция және Словакия құрамалары сайысқа түседі.
Одан кейінгі күндерде плей-офф кезеңі өткізіледі. Олимпиадаға екі жолдама беріледі.
Естеріңізге сала кетелік, Қазақстан құрамасы Олимпиадада екі мәрте бақ сынады. 2000 жылы - 6, 2004 жылы - 8 орын алды.
Пікір қалдыру
Сондай-ақ... оқыңыз
- «Барыс» құрлық хоккей лига ойындарына 13 мәрте қатысуда
- Теннис: Нұр-Сұлтан 2 турнирі қазақстандықтар үшін сәтсіз өтіп жатыр
- Спортшылар, этномәдени бірлестік өкілдері қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады
- Теннис: Александр Бублик рейтингіде 43-орынға көтерілді
-
Тәуелсіздіктің 30 жылдығы: Атырауда «Түйе палуандар» анықталды
-
Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Болгариядағы турнирде үздік үштікке енді
- Елбасы жолдауы
- Жолдау жүктеген міндеттер
- Қазақстан тарихы
- Әлемдік БАҚ Қазақстан туралы
- Жаңа индустрияландыру
- Болашаққа 100 қадам
ONLAIN QYZMETKERLER