Студентті автобустан түсіріп кеткен астаналық жүргізуші жұмыстан қуылды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - 17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп кеткен елордалық жүргізуші жұмыстан шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Елорда әкімі Алтай Көлгіновтің тапсырмасы бойынша №1 автобус паркінің басшысы Н.Пулатовқа қатаң сөгіс жарияланды. Аязды күндері кәмелетке толмаған баланы тастап кеткен қала маңына қатынайтын бағдардағы автобус жүргізушісі жұмыстан босатылды. Барлық автобус парктерінің жүргізушілеріне осындай жағдайлардың алдын алу тапсырылды, қоғамдық көліктердің жұмысын бақылау күшейтілді», - деп жазды Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Ақмарал Олжабаева Facebook-тегі парақшасында.

Бұған дейін астана маңындағы «Лесная поляна» тұрғын алабында қоғамдық көлік жүргізушісі 17 жастағы мүгедек студентті аязды күні автобустан түсіріп кеткенін жазған едік.

Соңғы жаңалықтар