Студенттердің стипендиясы тікелей карта шотына түсетін болады - БҒМ

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың стипендиялары тікелей карта шоттарына түсетін болады. Бұл туралы ҚР БҒМ аппарат кеңесінде айтылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Пилоттық режимге әзірге үш жоғарғы оқу орны қатысып жатыр. Олардың қатарына тағы 21 ЖОО қосылды.
Стипендияларды төлеу жөніндегі функцияны Қаржы орталығы жүзеге асыратын болады. Өз кезегінде ЖОО студенттердің үлгерімі мен мәртебесі (оқуға түсу, аяқтау, оқудан шығару және т.б.) бойынша ақпаратты тиісті ақпараттық жүйе арқылы береді.

«Грант – бұл студент алатын қаражаттың мақсатты сомасы. Қазір бұл қаражат тікелей ЖОО-ға аударылған кезде, студент мемлекет оған ақша төлейтінін, ол үшін ақылы негізде оқитындар сияқты тоқсан сайын оқу ақысы төленетінін сезбейді. Сондықтан, қазір біз шартты түрде студенттің эскроу-шотына ақша түсуі үшін жұмыс істеп жатырмыз. Бірақ, студент бұл қаражатты университеттегі оқу ақысын төлеуден басқа мақсатта пайдалана алмайды. Кредиттердің жинақталуына қарай ол бұл төлемді ЖОО-ға банк арқылы аударатын болады», – деп атап өтті Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов.
Осылайша, жаңа жүйе мемлекет жыл сайын стипендияға да, жоғары оқу орындарында оқуға да қаражатты тікелей білім алушыларға атаулы аудару арқылы бөлетін ақша қаражатының ашықтығын қамтамасыз етеді.
Бұдан бөлек, жүйедегі тағы бір оң өзгеріс – басқа ЖОО-ға ауысқан студенттерге грантты сақтай отырып, стипендияны үздіксіз төлеу мүмкіндігі.
Соңғы жаңалықтар