Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өкімдерімен Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасарлары тағайындалды, деп хабарлайды Ақорда.

Әркен Хамитұлы Өтенов Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің жауапты хатшысы қызметінен босатылды;

Жаслан Хасенұлы Мәдиев Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі төрағасының орынбасары қызметіне тағайындалды.


Соңғы жаңалықтар