Степногор маңында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды

None
None
СТЕПНОГОР. ҚазАқпарат - Ақмола облысының «Степногор-Заводской» тасжолында көлік аударылып, 36 жастағы әйел көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, ағымдағы жылғы қазанның 24-де күндізгі сағат 12:20 шамасында Степногор қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне «Степногор-Заводской» автожолының 6 шақырымында жол апаты болғаны хабарланған.

Анықталғандай, Заводской кенті бағытында жүріп келе жатқан Hyundai Accent автокөлігінің 35 жастағы жүргізушісі рульді басқара алмай, көлік аударылған.

«Салдарынан Степногор қаласының қалалық ауруханасына 36 жастағы жолаушы жеткізілді, ол сағат 21:10-да жансақтау бөлімінде көз жұмды. Медициналық куәландыру актісіне сәйкес Hyundai Accent автокөлігінің жүргізушісі «жеңіл дәрежеде» мас күйінде болған. Тиісті сараптама тағайындалды», - деді ведомстводан.

Қазіргі кезде осы оқиғаға байланысты Қылмыстық кодекстің 345-1 бабының 3-бөлігі «көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.


Соңғы жаңалықтар