Статистиканы нақты білмей, дұрыс шешім қабылдау қиын - Азаматхан Әміртаев

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанда пневмониямен ауырғандап КВИ жұқтырғандардың статистикасына енгізілетін болды. Бұл туралы «Байтақ Болашақ» экологиялық альянсының президенті Азаматхан Әміртаев пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бұл - дұрыс шешім, себебі пневмонияның өршуі коронавирус инфекциясымен ауыруға әкеп соғады. Тест болмай тұрған кезде адамдар дем жетпей, жөтеліп, сүйектері қақсайтынын айтатын. Мұның бәрі пневмонияның асқынуына әкеп соқты. Аурудың асқынуы COVID-19 инфекциясының бар екенін білдіреді. Біз ҚР Денсаулық сақтау министрін қолдаймыз», - Азаматхан Әміртаев.

Оның айтуынша, cтатистиканы нақты білмей, дұрыс саяси шешім қабылдау мүмкін емес.

«Мысалы, 50 мың адам коронавирус жұқтырды десек - дәрі-дәрмек 50 мың адамға ғана шақтап жеткізіледі. Ал шын мәнінде ауырғандар саны одан көп. Соның салдарынан дәрі-дәрмек жетіспей, адамдар дәріханаларда кезекке тұрады. Біз статистиканы жақсы білуіміз керек, сол себепті коронавирус инфекциясы мен пневмонияны біріктіруіміз керек. Ақпаратты жасырмай, халыққа түсіндіріп айту керек. «Ауруын жасырған өледі» бәрін ашық түрде айтып, түсіндірген жағдайда ғана бұл індетті жеңе аламыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар