Спорт және мәдени үйірмелер балалар үшін тегін болуы тиіс - Аружан Саин

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Бюджет қаражаты тиімді әрі пайдалы дүниеге жұмсалуы керек. Бұл туралы ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкілі Аружан Саин кибербуллингтің алдын алуға арналған жиында айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Оның айтуынша, еліміздегі барлық балалар спорт секцияларына, көркем, ғылыми, театр үйірмелеріне бару қажет. Бұл балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне әсер етеді. Яғни, буллинг пен кибербуллингтің алдын алуға көмектеседі.

« Бізде пайдасыз шараларға миллиондаған қаражат жұмсалып жатыр. Мысалы қалалық ережесіз жекпе-жектерді ұйымдастыруға миллиардтан аса теңге бөлінген мен мұндай шараларды мүлдем қолдамаймын. Есесіне осы қомақты ақшаны балалардың сабақтан тыс уақытын тиімді пайдалануға жұмсау қажет», – дейді Аружан Саин.

ҚР Бала құқықтары жөніндегі уәкіл бұл бастамасын іске асыру үшін барлық тиісті министрліктер мен әкімдіктерге хат жолдағанын тілге тиек етті.

« Жақында мен Президент Қасым– Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болдым. Сол кезде осы ойымды айттым. Мен барлық әкімдікке хат жаздым. Әзірге мардымды жауап алмадым. Негізі спорттық және мәдени үйірмелер қолжетімді болуы тиіс. Оқушылардың әлеуметтік жағдайына қарамастан толық қаматасыз етілуі керек. Бұл үйірмелер бюджет есебінен тегін ұйымдастыруы тиіс. Сол кезде балалардың 95 пайызы өзінің сүйікті ісімен айналыса алады», - деді ол.

Осылайша Аружан Саин күрделі мәселелердің шешімін ұсынды. Әсіресе, мемлекеттік бюджет есебінен өтетін имидждік «іс-шаралар» қысқарып, есесіне еліміздегі балалар үйіндегі және мектеп жасындағы балалардың жағдайы мен қауіпсіздігіне баса назар аудару керектігін айтты.


Соңғы жаңалықтар