Спорт саласындағы лауазымды тұлғаларға сот үкімі шықты

Фото:
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Олимпиадалық резерв мектебінің 5 директорына және өңірлік спорт басқармасының басшысына сот үкімі шықты. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«2022 жылдың 27 мамырында Қызылорда облысында Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Оспановқа қатысты айыптау үкімі шығып, оған 5 миллион теңге көлемінде айыппұл салынды.

Осы үкіммен Олимпиадалық резервтің облыстық мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер мектебінің 5 директоры Жұмабаев, Ильин, Ақбергенов, Сексембаев пен Кикбаев 10-нан 20 миллион теңгеге дейін түрлі айыппұлдарға сотталды.

Жоғарыда аталған барлық тұлғалар облыстың спорт мектептерінің қызметіне жүргізілген талдау бойынша оң шешім шығарғаны үшін тексеруші адамға 6,5 миллион теңге мөлшерінде пара беруге оқталғаны үшін кінәлі деп танылды», - делінген ұсынылған хабарламада.

Мәлім етілгендей, сотталғандар мемлекеттік қызметте лауазым атқару құқығынан өмір бойына айырылды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.


Соңғы жаңалықтар