Space X компаниясы 60 спутнигін ғарышқа ұшырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 25 қараша күні Нұр-Сұлтан уақыты бойынша 08:13 кезінде Флориданың (АҚШ) Канаверал мүйісіндегі 0 ғарыш айлағынан Starlink-15 миссиясы аясында 60 спутнигі бар Falcon 9 Block 5 зымырантасығышы ұшырылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұшырылым штаттық режимде өтті. Spacex.com арнасынан ұшырылымның тікелей эфирі көрсетілді. Орыс тіліндегі нұсқасы мына сілтемеде трансляцияланды.

Аталған ұшырылымның ерекшелігі - Falcon 9 B1049.7 бірінші қайтарылатын сатысында бұл жетінші сәтті ұшырылым екендігінде.

Тікелей репортаж тілшілері хабарлағандай, бірінші саты OCISLY автономды платформасына ұшыру орнынан 634 км қашықтықта сәтті өтті.

Ғарыш аппараттарының алғашқы партиясы 2018 жылдың 10 қыркүйегінде ұшырылды, 2019 жылы Space X қаңтар мен мамырда екі ұшырылым жасады, 2020 жылы үш ұшырылым қаңтар, маусым және тамыз айларында болды.

Жалпы алғанда, SpaceX 2020жылдың ортасына қарай Жер орбитасына 12 мың төмен орбиталық спутникті ұшырып, бүкіл әлем бойынша коммерциялық интернет қызметін ұсынуды жоспарлап отыр.


Соңғы жаңалықтар