Созақ ауданындағы 50-ге жуық көше жөнделуде

None
None
СОЗАҚ. ҚазАқпарат - Түркістан облысы, Созақ ауданы аумағында 917 шақырым автомобиль жолы бар. Ағымдағы жылы елді мекендердің 49 ішкі көшесіне орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланған болатын, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ауданда 435 шақырым жол облыстық маңызы бар, 79 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар санатына жатады. Ал, елді мекендерде 403 шақырым ішкі жолдар бар. Қазіргі таңда 27 көше толығымен аяқталып, қалған 22 көшенің жұмыстары өндірістік кестеге сәйкес жүргізілуде. Аудан бойынша елді мекендердің ішкі көшелерінің 195 шақырымы асфальт болса, жыл қорытындысы бойынша 226 шақырымға жететін болады. Сондай-ақ, ауданды көгілдір отынмен қамту бойынша 2019 жылы магистральды газ құбырының құрылысы басталған болатын. Бүгінгі таңда 130-ға жуық көшеге газ құбыры тартылып, монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ал, ауыз сумен қамту бойынша аудандағы 35 елді мекеннің 28 елді мекенінде орталықтандырылған ауыз су құбырлары жүргізілген.



Соңғы жаңалықтар