Союзмультфильм «Гав атты марғау» мен «Тотықұс Кешаның» жалғасын түсіреді

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - «Союзмультфильм» студиясы кеңестік уақытта және посткеңестік кезеңнің алғашқы жылдары көрерменнің сүйікті  мультфильмдері болған «Тотықұс Кешаның», «Простоквашино» және «Гав атты марғау» мультипликациялық фильмдерін жасауды биыл жалғастыратын болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Студия директоры Борис Машковцевтің айтуынша, басшылықтың алдында тұрған басты мақсат - «Союзмультфильмді» нарықтық экономика жағдайында қаржылық тұрғыда тиімді ету.

«Біз осы сериалдарға тоқтадық, себебі олар қаржылық тәуекелдер тұрғысынан анағұрлым қауіпсіз», - деп келтірген Машковцевтің сөзін РФ Мәдениет министрлігінің сайты. 

2018-2020 жылдар аралығында «Простоквашино» мультфильмінің жаңа 30 сериясын шығару жоспарлануда. Сондай-ақ «Тотықұс Кешаның» толық метражды жалғасы түсірілетін болады. Бұдан бөлек, "Пластилинки, "Қызғылт сары сиыр", Кішкентай батырлар", "Тор көзді Зебра" балаларға жол тартады. 

Соңғы жаңалықтар