«Союз МС-13» ғарыш кемесінің экипажы Жерге қонды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - «Союз МС-13» басқарылатын ғарыш кемесінің экипажы белгіленген уақытта Жезқазған қаласының маңына қонды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Аппараттың Жерге қонған сәті Роскосмос сайтында және әлеуметтік парақшаларында онлайн-режімде тікелей трансляцияланды.

«Жерге түсу және қону бойынша барлық операциялар қалыпты режімде өтті, ғарышкерлер Александр Скворцов пен Лука Пармитано және Кристина Куктің жағдайы жақсы», - деп хабарлады Ю. А. Гагарин атындағы ғарышкерлерді дайындау орталығының баспасөз қызметі.

Ғарышкерлерді дайындау орталығы «Союз МС-13» басқарылатын ғарыш кемесінің қонған сәтінен фоторепортаж жариялады. Кеме командирі, Роскосмос ұшқыш-ғарышкері Александр Скворцов үшінші рет ғарышқа сапарлап келді.

Ал америкалық Кристина Куктың ерекше қуанышын байқауға болады, себебі ол алғашқы рейсін 2019 жылдың наурыз айына жоспарлап, экипажбен бірге апатқа ұшыраған еді. Содан кейін Куктің ғарыштық миссиясы жарты жылға созылды және ол ғарышкер әйелдер арасында рекордшы атанды.

Италия әскери-әуе күштерінің полковнигі, ғарышкер-сынақшы және әлемнің 532-ші астронавы атанған Лука Пермитано үшін бұл – екінші ғарышқа ұшу болды.

Александр Скворцов пен Лука Пармитано ғарышта 200 күн 16 сағат болды, ал Кристина Кук 328 күн 14 сағат жүрген.

«Союз МС-13» басқарылатын ғарыш кемесі Халықаралық ғарыш станциясына 2019 жылдың 21 шілдесінде барды. Бұл аралықта экипаж Ресейдің ғылыми бағдарламасы бойынша ғылымның түрлі салаларында медицина, ғарыш биологиясы, биотехнология, физика-химиялық процестер және т.б.) ондаған тәжірибелер жасады», - деп жазды Ю. А. Гагарин орталығы.

Сонымен бірге, 2020 жылдың 9 сәуірінде ұшатын «Союз МС-16» кемесі келгенше, Халықаралық ғарыш станциясындағы жұмыстарды 61/62-ші ұзақ экспедицияның қатысушылары, Роскосмос ғарышкері Олег Скриппочка, NASA астронавтары – Эндрю Морган мен Джессика Меир жалғастырады.


Соңғы жаңалықтар