+7 (701) 759 90 19
USD 435.54 EUR 473.08
RUB 5.76 CNY 61.64
Jańalyqtar

Соя мен жүгеріні Қытайға экспорттауымыз керек – Даниал Ахметов

2020 жылғы 19 ақпан 18:21
Бөлісіңіз:
Соя мен жүгеріні Қытайға экспорттауымыз керек – Даниал Ахметов

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов соя мен жүгеріні Қытайға экспорттау керектігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Өңірімізде агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың басты бағыты – өсімдік шаруашылығы өнімдерін экспортқа шығару. Бұл бірінші кезекте соя мен жүгеріге қатысты. 2024 жылға қарай оның егіс алқабы 4,2 есе өсіп, экспорт көлемі 1,5 мыңнан 15 мың тоннаға дейін, яғни 10 есе артады», - деді аймақ басшысы тұрғындар алдындағы есеп беру кездесуінде.

Оның айтуынша, Шығыс Қазақстан сүт, бал, маралдың мүйізі, күнбағыс майы өндірісі бойынша республикада - бірінші, ет өндіруде - екінші орында тұр.

«Соңғы 5 жылда сүтті мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы аясында құйылған инвестиция тұрғындардан сүт сатып алу көрсеткішін 17 есе арттыруға мүмкіндік берді. Нәтижесінде өңдеуші кәсіпорындардың қуаты 29-дан 75 пайызға дейін өсті», - деді Даниал Кенжетайұлы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT