Сотталушы Ақмола колониясына үш телефон мен есірткі өткізбек болды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола колониясында сотталған адам мекемеге үш телефон мен есірткі өткізу үшін бақылаушыға пара ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесі департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, Ақмола облысы бойынша Қылмыстық атқару жүйесінің ең жоғары қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жүрген 30 жастағы сотталушы, бұрын да сотты болған ер адам қолайлы сәтті пайдаланып, әскери бөлімнің бақылаушысына мекемеге ұялы телефондар мен есірткі әкелуге көмектесуді сұраған, осы көмегі үшін белгілі бір сомада ақша ұсынған.

«ҚАЖД, МБЖ, әскери полиция қызметкерлерінің бірлескен жұмысы нәтиже берді. Алдын ала дайындалған сценарий бойынша нағыз спектакль ойналды. Жас қызметкер қосымша ақша табуға келісті. Сол күні оның карточкалық шотына 20 мың теңге сомасында ақша түсті. Ал келесі күні сотталған адам үш телефоны мен психотроптық заты бар көптен күткен сәлемдемені алды, онымен бірге мүдделі қызметтер тергеу шараларын бастап кетті», - деді Ақмола облысы бойынша ҚАЖД баспасөз хатшысы Ирина Горнова.

Ведомстводан атап өткендей, тергеу амалдары жалғасуда. Тыйым салынған заттарды Ақмола колонияларына апару әрекеттері тиылар емес.

Еске сала кетейік, 2020 жылдың желтоқсан айының басында 28 жастағы қамауға алынған адам Көкшетау қаласының изоляторына ұялы телефонын кіргізуге тырысқан болатын. Ал биылғы жылдың қаңтарында Ақмола облысына жеткізілген сотталушының асқазанынан ұялы телефон табылды.


Соңғы жаңалықтар