Сот жүйесіне жүктемені біркелкі бөлуге жағдай жасалады

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Парламент Мәжілісінің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер енгізу туралы» заң жобасы, «Қазақстан Республикасының сот жүйесі және судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы мен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сот жүйесін жаңғырту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы заң жобаларының ережелеріне сәйкес келтіру мақсатында Парламент депутаттарының заң шығару бастамасымен әзірленді», - деді Мәжіліс депутаты Қанат Мусин.

Оның айтуынша, әкімшілік сот төрелігін енгізу аясында ұсынылған түзетулер сот жүйесіне жүктемені біркелкі бөлуге, деликтер мен қоғамдық дауларды қараудағы сот тәжірибесінің аражігін ажыратуға мүмкіндік береді, сондай-ақ адамның, азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды көздейтін сотта қорғалуға конституциялық құқықтарын қамтамасыз етуге ықпал етеді.

«Заң жобасын іске асыру мемлекеттік кірістерді қысқартуды немесе бюджеттен мемлекеттік шығыстарды ұлғайтуды талап етпейді», - деді депутат.

Бұдан бұрын хабарланғандай, бүгінгі Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының сот жүйесі мен судьяларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» ҚР Конституциялық заң жобасы бірінші оқылымда мақұлданды.


Соңғы жаңалықтар