12:44, 15 Қазан 2021 | GMT +6
Сот орындаушысын ұрған Алматы тұрғыны сотқа жүгінді
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда сот орындаушысын соққыға жыққан Мақсот Ысқақов сотқа талап-арыз түсірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Мақсот Ысқақов жеке сот орындаушысының әрекетін заңсыз деп тану үшін әкімшілік сотқа арыз берді.
Қалалық соттың баспасөз қызметі жоғарыда аталған іс 5 қараша күні қаралатынын мәлім етті.
Еске салайық, 4 қазан күні Алматыда заңсыз нысанды сүру кезінде сот орындаушысы соққыға жығылды.
Республикалық жеке сот орындаушылар палатасы сот орындаушы Бостандық аудандық сотының шешіміне сәйкес Виноградная 3/1 мекенжайына заңсыз нысанды сүру мәселесімен барғанын айтты.
Кейін боксшы Жанқош Тұраров сот орындаушысына қысым көрсеткені туралы ақпарат тарады.