Сот ҚР ҰҚК полковнигін 6 жылға бас бостандығынан айырды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Сот бас бостандығынан айырылған Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигіне қатысты үкімін өзгертті, деп хабарлайды ҚазАқпарат Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, Есіл аудандық сотының үкімімен биылғы жылдың 25 қаңтарында ҰР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің полковнигі Е.Е. Арыстан мен оның жұбайы Э.Дүйсенқызы алаяқтық әрекеті үшін бас бостандығынан айырылған еді. Ал Е.Е.Арыстан қосымша пара беруге мәжбүрлеу әрекеті бойынша да айыпталды.

Сотталғандар адамдар тобының сеніміне кіре отырып, алдын ала келісіп алып, зардап шеккен азаматтың баласын ҚР ҰҚК академиясына түсіреміз деген желеумен 15 мың АҚШ долларын алған.

2021 жылдың 10 наурызы күні Нұр-Сұлтан қаласының соты аталған үкімді өзгертті. Е.Е.Арыстановқа «лауазым иесі өзінің өкілеттігін пайдалана отырып» алаяқтық жасады деген айып тағылып, 6 жылға бас бостандығынан айырылды. Енді ол өмір бойына мемлекеттік қызметте істей ете алмайды. Ал жазасын қылмыстық-атқару жүйесінің қауіпсіздік деңгейі орташа мекемесінде өтейтін болады.

Оның жұбайы Э.Дүйсенқызына қатысты үкім өзгеріссіз қалды.


Соңғы жаңалықтар