Сот клиенттердің билет құнын қайтару үшін Bek Air мүлкіне тыйым салды

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Сот Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Сот ҚР Азаматтық авиация комитетінің топтық шағымын қанағаттандыру үшін Bek Air әуе компаниясының мүлкін пайдалануға тыйым салды», - деді Алматы қалалық сотының баспасөз қызметінен.

Айта кету керек, 22 сәуірде Түрксіб аудандық сотында видеобайланыс форматында бірінші сот отырысы өтті. Сотта ҚР Азаматтық авиация комитетінің тоқтатылған рейстердің билетін алған клиенттердің қаражатын қайтару үшін «Bek Air» АҚ шағымы қаралды.

Комитет 560 қазақстандықтың мүддесін қорғады. Олар 37 млн теңгеге 1070 билет сатып алған.

Айта кету керек, 2019 жылы 27 желтоқсанда «Bek Air» әуе компаниясының 2100 Алматы - Нұр-Сұлтан рейсі әуеге көтеріліп бара жатқанда биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға, одан кейін қосқабатты үйге соғылған.

Апаттан 12 адам қайтыс болды. 29 адам жарақаталды. 51 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Екі адам емханаға келген кезде қайтыс болды.

Айта кету керек, 2019 жылы 27 желтоқсанда «Bek Air» әуе компаниясының 2100 «Алматы - Нұр-Сұлтан» рейсі әуеге көтеріліп бара жатқанда биіктікті жоғалтып, бетон қоршауға, одан кейін қосқабатты үйге соғылған.

Апаттан 12 адам қайтыс болды. 29 адам жарақат алды. 51 адам қалалық ауруханаларға жеткізілді. Екі адам емханаға келген кезде қайтыс болды.

7 наурызда әуе апатынан зардап шеккен соңғы жолаушы адам ауруханадан шықты.


Соңғы жаңалықтар