+7 (701) 759 90 19
USD 421.58 EUR 496.83
RUB 5.53 CNY 62.2
Jańalyqtar

Сот Болат Бақауовты қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

2020 жылғы 22 қаңтар 19:42
Бөлісіңіз:
Сот Болат Бақауовты қамауда ұстау туралы шешімді өзгеріссіз қалдырды

ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодар облысының экс-әкіміне қатысты аппеляциялық қаулыға шағымдану мүмкін емес, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай әкімінің айлық жалақысы қанша Дүниежүзілік банк Қазақстандағы жемқорлықты бақылау көрсеткішінің жақсарғанын атап өтті Спорт мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы аудит жүргізіледі

«Бақауовқа қатысты қаулысы өзгеріссіз қалды, ал жеке қорғаушылардың шағымы – қанағаттандырылмады», - деп мәлімдеді Павлодар облыстық сотының баспасөз хатшысы Әнел Құсанова.

«Аппеляциялық қаулы жарияланған күннен бастап, яғни 2020 жылдың 22 қаңтарынан өзінің заңды күшіне енеді және ол шағымдануға, прокурордың өтініші арқылы қайта қарауға жатпайды», деді облыстық сот өкілдері.

Естеріңізге сала кетсек, Болат Бақауов екі айға қамауға алынды. Оған Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 362 бап, Төртінші бөлімі үшінші тармағы - лауазымдық өкілеттіктерді асыра пайдалану фактісі бойынша айып тағылып отыр. Істі ҚР Бас прокуратурасы бақылауына алды.

Осыған дейін Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың ұсталып, оған қылмыстық іс қозғалғаны және екі айға қамауға алынғаны туралы хабарланды.
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев оны қызметінен босатты.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Балнұр Қожагелді

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT